$ 494.87  520.65  4.91

Тәттімбет атындағы академиялық оркестр ХХХІІ концерттік маусымын ашты

Музыкалық кеште концерттік бірлестіктің солистері өнер көрсетті.

«Шалқыма» концерттік залында Тәттімбет атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрінің ХХХІ концерттік маусымының ашылуы өтті. Концерт «Азамат Қожа» атты Тәттімбет шығармаларынан басталды. Оны музыканттар оркестрдің дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдіғалисын Шоқанбаевтың жетекшілігімен орындады.

«Біздің бағдарламада көптеген жаңа шығармалар бар. Оның ішінде Тәттімбет, Кетбұға, Құрмағазының күйлері. Көрермендер «Аққу көлі» балетінен Чайковскийдің «Испан биі», Николай Будашкиннің «Русская фантазия» шығармасын, «Красный мак» балетінен Глиэрдің «Совет матростарының биі» және т.б. тыңдайды. Сондай-ақ, бізбен бірге алматылық қонақ, халық әндерін орындаушы Нұржан Жанпейсов өнер көрсетеді. Біз тыңдармандар мен жақсы байланыс орната аламыз деп ойлаймын», - деді концерт басталмас бұрын ұжымның бас дирижері, көркем жетекшісі Дүйсен Үкібай.

Оның айтуынша, оркестрдің жоспарында көптеген концерттер мен іс-шаралар бар.

«Біз музыкалық кештерімізден соң көрермендер тамаша көңіл-күймен қайтуы үшін барынша тырысамыз. Біз биылғы жылы Түркия, Румыниядағы халықаралық байқауларға қатысып, жақсы пікірлер алдық. Кетбұға жырау атындағы «Ақсақ құлан» күйшілер байқауына қатыстық. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтті. Онда Қазақстан, Қытай, Моңғолия музыканттары өнер көрсетті. Кетбұға өте көрнекті ақын, композитор және домбырашы болған. 

Бүгін біздің тыңдаушыларымыз дуэттің орындауында Нұрғиса Тілендиевтің өңдеуіндегі «Ақсақ құлан – Жошы хан» шығармасын тыңдайды», - деп атап өтті Дүйсен Үкібай.

Музыкалық кеште концерттік бірлестіктің солистері өнер көрсетті. Сонымен қатар, «Шабыт» халықаралық байқауының лауреаты, Данеш Ракишевтің оқушысы, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы Нұржан Жанпейісов. Оркестрмен бірге Кенен Әзірбаевтың «Басты өлең» және Қалқа Жапсарбаевтың «Қалқаның әні» атты әндерін орындады. Көрермендер оның орындауында үш халық әнін тыңдады.

«Біз Қарағанды филармониясымен шығармашылық байланысты үнемі қолдаймыз. 2010 жылы «Арқа сазы» ансамблінің концерттік маусымының ашылуында өнер көрсеттім. Бүгін Тәттімбет атындағы академиялық оркестрмен бірге өнер көрсетемін. Мен үшін бұл үлкен құрмет, Қазақстанда осындай деңгейдегі шығармашылық ұжымдар аз, - дейді Нұржан Жанпейсов.

Концерт алдында Алматыдан келген қонақ Тәттімбет атындағы Өнер колледжінің студенттері және оқытушыларымен кездесті. Ол колледж кітапханасына екі жыл бұрын өзі шығарған Данеш Ракишевтің әндері жазылған «Саясында алманың» жинағын сыйлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары