$ 491.7  531.28  5.07

Целлофан пакеттер енді тегін берілмейді

Экологтардың айтуынша, соңғы уақыттары қалдықтарды төгетін орындардың талапқа сай болмауынан табиғатқа айтарлықтай зиян келіп жатыр.

Целлофан қалталар алдағы уақытта тегін болмауы мүмкін. Дүкендердегі қарапайым зат салып беретін полиэтилен қалталарды енді ақшаға ұсынып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрайымы Айгүл Соловьева: «Дүкендерде берілетін кішкентай пакеттер табиғатты бүлдіруімен қатар, оларды қайта өңдеу – қиын. Оның орнына қазір көптеген өндірушілер биологиялық ыдырайтын немесе қағаз пакеттер шығарып жатыр. Ал біз экологиялық ұйым ретінде осы бастаманың жүзеге асуын бақылауға алып отырмыз»,-деді.  

Экологтардың айтуынша, соңғы уақыттары қалдықтарды төгетін орындардың талапқа сай болмауынан табиғатқа айтарлықтай зиян келіп жатыр. Мысалы жыл сайын елімізде 4 миллион тоннадан астам қалдық төгіледі. Ал былтыр елімізде бей-берекет төгіліп жатқан 8 қоқыс полигоны анықталды. Бізде қолданылатын полиэтилен қалталардың 90 пайызға жуығы Қытайдан әкелінеді. Өйткені отандық өндірушілер бәсекеге шыдамайды. Ал мұндай материал табиғатта өздігінен ыдырамай ұзақ уақыт жатады.

Статистика бойынша елімізде жыл сайын полиэтилен пакеттердің 15 миллион данасы қолданылады. Министрлік пен экологиялық ұйымдар енді соның санын қысқартуға кіріспек.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев: «Дүкенде 5 немесе 10 теңгеге сататын болса, онда 30 пайызға осы пакеттерді тұтыну көлемі азаяды. Біз соған шақырамыз. Ал болашақта полиэтилен пакеттерді қолдануға толығымен тыйым салуға ісшаралар қарастырылатын болады»,- деді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тегін #пакет