27.09.2019, 18:05

Тайландта егде жастағы қазақ әйелінің мәйіті табылды

Әйел адам суға тұншығып, көз жұмған секілді деген болжам бар.

78 жастағы Қазақстан азаматшасы Тайландтың Паттай қаласы маңындағы жағажайлардың бәрінде өлі  күйінде табылды, деп хабарлайды  bangkokpost-қа сілтеме жасаған Zakon.kz 

Басылымның жазуынша, бейсенбі күні таңертең Джомтьен жағажайында бір әйелдің өлі денесі табылған.

Паттай полициясы мен құтқарушылары шамамен күндізгі  сағат 11:00 шамасында жағажайдан өлі адам табылғаны туралы ақпарат келіп түскеннен кейін оқиға орнына асыға жеткен. Дәрігерлер шалажансар денені айналшықтап,  тірі алып қалуға қанша күш жұмса да оны аман  ажалдан құтқара алмады.

Полициядағылар ол әйелдің күйеуімен Тайландқа демалуға келгенін айтады. Болжам бойынша, әйел күйеуі ұйықтап жатқанда таңертең суға түсуге шығып кеткен. Кейін күйеуі оны іздеп жағажайға келгенде әйелінің мерт болғанын бір-ақ білген. Соған қарағанда, әйел кісі суға тұншығып, көз жұмған секілді деген болжам бар.

Полиция қызметкерлері оның неден көз жұмғанын арнайы тексеру  арқылы анықтайтынын жеткізді.  

Тегтер: әйел жағажай