27.09.2019, 22:29

Қостанайда ерлі-зайыпты зейнеткерлер газдан уланып қайтыс болды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға Абай көшесіндегі жеке тұрғын үй секторында болған.

Бүгін Қостанай қаласында ерлі-зайыпты зейнеткерлер табиғи газға уланып көз жұмды, деп «КТК» телеарнасы. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға Абай көшесіндегі жеке тұрғын үй секторында болған. 

«Тұрғын үй ішінен 1939 және 1938 жылы туған зейнеткерлердің денесі табылды. Олар алдын ала болжам бойынша табиғи газға уланып қалған», - делінген ведомствоның ақпаратында. 

Осы дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Еске сала кетейік, Оралда сайжай аумағындағы өртенген үйдің орнынан ер адамның, әйел адамның және бір баланың денесі табылды.

Тегтер: Қостанай