$ 446.49  475.38  4.79

«Қазақстанда айына 300 мың, Канадада 8 млн»: анестезиолог маман екі елдегі дәрігерлердің жалақысын салыстырды

Төлегенов Қазақстанда - бәрі жаман, ал онда - бәрі жақсы деп нақтылауға болмайтынын айтты. Дегенмен, ескерусіз қалмайтын жайттар барын атап өтті.

 Алматылық Шыңғыс Төлегенов үш жыл бұрын Канадаға көшіп кеткен деп жазады inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шыңғыс Төлегенов бүкіл өмірін дәрігерлік жұмысқа арнаған. Көбінесе, жеке клиникаларда жұмыс істеген.

Ер адам 2010 жылы Алматыдағы № 4 ҚКА жұмысқа тұрған. Алайда ол жерде бар-жоғы төрт ай қызмет еткен. Төленетін жалақы мен ішкі жағдай оның көңілінен шықпапты. Айтуынша, ол 75 мың теңге жалақы алған көрінеді.
«Мені үйде әйелім мен балаларым күтіп отырғандықтан, ауру жұқтырып алудан қорықтым...», - деді Шыңғыс.

Дәрігер 2015 жылы Канадаға көшіп кетуге шешім қабылдаған. Ол жақта емтихан тапсырып, дәрігердің көмекшісі болып жұмысқа тұрған.

Төлегенов Қазақстанда - бәрі жаман, ал онда - бәрі жақсы деп нақтылауға болмайтынын айтты. Дегенмен, ескерусіз қалмайтын жайттар барын атап өтті.

«Егер Қазақстанда анестезиолог айына 300 мың теңге алса, мұнда айына 22 мың долларға (8 млн теңге) жуық алады... Дәрігерлер мұнда өте бай адамдар», - дейді ол.

Оған қоса, Канадада дәрігерлерді халық батырлары деп есептейтін көрінеді.
Медицина маманы Қазақстанға қайту туралы тіпті, ойланбапты да.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары