$ 494.87  520.65  4.91

Жыныстық теңдікті қалайтын әйелдер Алматыда шеруге шықты

Акция бейбіт әрі ешқандай заң бұзушылықсыз өтті. Саябақ маңында полиция кезекшілік етті.

  Оңтүстік астанада әйелдер құқығын қорғау үшін рұқсат етілген митинг өтті. Жиналғандар нәзік жандыларға қатысты кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың өзекті мәселелері туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Феминистер «Сары-Арқа»кинотеатрының саябағына жиналған.

Жиналғандар тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдер колониясындағы күш көрсету мен азаптау, жезөкшелік мәселелері мен әйелдердің теңсіздігі туралы айтты.

Митингке жүздеген адам қатысты. Қатысушыларға әртүрлі ұрандар жазылған плакаттар таратылды.

«Барлық адамдар бауырлар!», «Шындық үшін емес, зорлау үшін қамау», «Ол жеке тұлға», «Зорлауда әрқашан зорлаушы кінәлі», «Аборт – әйелдің базалық құқығы», - делінген плакаттарда.

Митингке қатысушылар кезектесіп сөз сөйлеп, мәселелер мен оқиғаларды талқылады.
Акция бейбіт әрі ешқандай заң бұзушылықсыз өтті. Саябақ маңында полиция кезекшілік етті.

Шерудің басында ұйымдастырушылар қатысушыларға митингті өткізу ережесі мен оның бір сағатқа ғана созылатынын, артынша бәрі бейбіт тарауы керектігін ескертіп айтты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары