11.12.2015, 10:30

Доллар бағамы 314 теңгеге жетті

Бүгін KASE қор биржасының күндізгі сессиясында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 313,99 теңгеге жетті деп хабарлайды Tengrinews.kz. Осылайша отандық валюта тарихи антирекордты тағы бір жаңартып отыр. Ең соңғы рет 2015 жылдың 9 қарашасында теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы 312,65-ке жеткен болатын.

Күндізгі сессияның ашылуында 1 АҚШ долларының құны 311,92 теңгеден бағаланды. Бұл ең минималды көрсеткіш еді. Ал, ең максималды көрсеткіш 315,19 теңгені құрады. Сессия соңында доллар бағамы 313,99 теңгеге тұрақтаған. Саудаға барлығы 23 тұлға қатысып, 67,1 миллион доллардан астам қаражат саудаланды. Қазір валюта айырбастау орындарында доллар бағамы 313-316 теңге арасында.