$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысының әкімі ел назарын өзіне аударды

«Әкімдік орталық органдармен бірлесе отырып, 2020 жылдың екінші жартысында осы жолды қайта жаңартуды бастау үшін барлық шараны қолға алуда», - деп түсіндірді облыс әкімі.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі парақшасында өңір тұрғындарына алдағы уақытта қандай шаруалар атқарылатынын хабарлады дейді sputnik.kz

«Менің атыма сіздерден көп сұрақ келіп түсуде. Мынау ірі, мынау ұсақ сұрақ деп бөлмеймін. Олардың барлығы маңызды. Дәл қазіргі уақытта халықты негізінен қоғамдық көлік, жолдар, тілдерді дамыту және әлеуметтік қолдау мәселелері толғандырып отырғанын көріп отырмын. Олардың көпшілігі шешілуде», - деп жазды өңір басшысы.

Жеңіс Қасымбектің мәліметінше, Қызылорда-Жезқазған жолының жобалық-сметалық құжатын әзірлеу жұмыстары келесі жылдың жазында аяқталады.

«Әкімдік орталық органдармен бірлесе отырып, 2020 жылдың екінші жартысында осы жолды қайта жаңартуды бастау үшін барлық шараны қолға алуда», - деп түсіндірді облыс әкімі.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ТКШ, тұрғын үй, мектептер мен ауруханалар құрылысы мәселелеріне де ерекше назар аудару қажет. 

«Тағы қайталап айтамын, маған келіп түскен хабарламалар мен сұрақтардың ешқайсысы да назардан тыс қалмайды. Сәйкесінше анализ жүргізіліп, жұмыс барысында негізге алынады», - деп түйіндеді Қасымбек.

Айта кетейік, 19 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары