$ 498.34  519.72  4.85

ҚР БҒМ мектеп формаларына деген талапты күшейтпек

Оқушылардың назарын негізгі сабақтан бөлмейтін және тәртіпке келтіретін қатаң киім үлгісін енгізу мақсатында Білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына деген талаптарын бекіту бойынша құзыреті кеңейді. Бұл жайында ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің кеңейтілген алқа отырысы өткен болатын. Жиында мектеп оқушыларының тәртібі, киім үлгісі күн тәртібіне шығып, министрлік өкілдері біріңғай мектеп формаларына деген талапты күшейту керектігін айтты.

Сонымен қатар, білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген міндетті мектеп формасына деген талаптарды орындау бойынша ата-аналарға міндеттеме жүктеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары