$ 498.34  519.72  4.85

АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі отставкаға кетті

Волкердің отставкаға кеткенін Аризона университеті растады.

АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі Курт Волкер отставкаға кетті. Бұған дейін Трамптың әрекеті жайлы шағымданған арнайы қызмет өкілінің арызында Волкердің де есімі аталған еді, деп жазады Азаттық.

Хаттағы дерекке сәйкес, Волкер Трамп адвокаты Руди Джулианидің Украина президенті өкілімен кездесуін ұйымдастыруға көмектескен. Бұған қоса, Волкер Трамп талаптарына қалай жауап беруі қажеттігін "түсіндіру" үшін Киевке барған.

Волкердің отставкаға кеткенін Аризона университеті растады. Мұнда Волкер сараптама орталығына жетекшілік етеді. Осы аптада Волкердің кеткенін белгісіз ақпарат көзіне сүйенген CNN, AP, Reuters хабарлаған. Ақ үй мен АҚШ мемлекеттік департаменті бұған байланысты түсініктеме бермеді. Волкердің өзі Азат Еуропа/Азаттық радиосының сауалын жауапсыз қалдырды.

АҚШ президентіне импичмент жариялау процесін бастаған өкілдер палатасы бұған дейін мемлекеттік департаменттің жоғары лауазымды бес шенеунігінен жауап алуға ықылас білдірген. Олардың арасында Волкер де болған.

Волкер 2017 жылдың маусым айында АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі қызметіне тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#АҚШ