17 жастағы шымкенттік бойжеткен мұғалімінен көлік ішінде қалай зорланғанын айтты. Бұл туралы ол İnstagram әлеуметтік желісіндегі @kutpedim парақшасында жазды.
«Маусымда емтиханнан шыққанбыз. Универден шыға берісте мұғалімім алдымнан шықты. Мені жеткізіп салатынын айтты. Көлігінің артқы жағына отырдым. Кеш боп қалған. Бір кезде басқа бағытқа қарай бара жатқанын түсіндім. «Ағай, қайда бара жатырмыз?» дедім. «Уайымдама, жеткізіп салам үйіңе» деді. Бір кезде қала шетіне қарай жеттік. Көлікті тоқтатып, арт жаққа кеп отырды. «Маған ұнайсың. Күні-түні сені ойлаймын» деп бас сала сүйе бастады. Мен түс көргендей өзіме сенбедім. Бір кезде мені жатқызды да, қолымен екі білегімді қысып ұстап, көйлегімді, іш киімімді шешті.
Ісін бітіріп, мені сүйді. Кешірім сұрады.
Өз отбасы, бала шағасы бар. Жасы 40-тан асқан адам. Мен ештеңе демедім. Үйге жеткенше өксігімді тыя алмадым. Ешкімге айта алмадым. Енді оқу басталды. Күні кеше сабағы болды. Маған түк болмағандай қарайды. Сабаққа барғым да келмейді. Өзімді қолданып тасталған шүберек сезінемін. Не істеймін айтыңыздаршы? Оқығым да келмейді», - деп студент көптен кеңес сұрады.