$ 448.15  483.46  4.86

Алматыдағы жол апатынан Audi автокөлігі ұшып кетті

Куәгерлердің айтуынша, Audi 100 көлігі батыс бағытқа қарай жүріп бара жатқан. Ол шығысқа қарай бет алған Nissan Almera көлігіне жол бермеген.

Екі ересек адам мен екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды sputniknews.kz. Жол полициясының қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр.

 Жол апаты Алматыдағы үлкен Алматы каналы бойында Өтемісұлы көшесінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Audi 100 көлігі батыс бағытқа қарай жүріп бара жатқан. Ол шығысқа қарай бет алған Nissan Almera көлігіне жол бермеген.

Қатты жылдамдықпен келе жатқан Nissan Audi көлігінің бүйіріне соғылды. Соққының қатты болғаны соншалық Audi арықтан ұшып кеткен. Ал Nissan көлденеңнен көшенің қақ ортасына түсті..

Апат салдарынан төрт адам: Nissan Almera көлігіндегі әйел мен екі баласы және Audi-дің жүргізушісі зардап шекті. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары