$ 492.65  525.71  5.03

«4 баланың әкесі»: кенжесі мүгедек боп туылған намазхан отбасын тастап кетті

Ақтөбеде дін жолында жүргендер арасында жалғызбасты аналар аз емес. Өңірде әйеліне еш себепсіз «ұнамайсың» деп талақ айтатындар көбейген.

Ақтөбеде дін жолында жүргендер арасында жалғызбасты аналар аз емес. Өңірде әйеліне еш себепсіз «ұнамайсың» деп талақ айтатындар көбейген. Облыстың өкіл имамы жамағат арасындағы жағдайды қинала баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Кейбір азаматтардың талақ етіп тастап кеткен әйелдері мешіттен көмек сұрап жүр. Тастап кету себебін әр келіншек әртүрлі түсіндіреді. Мәселен, 25 жастағы 4 баланың анасы бір баласы мүгедек болып туылған соң теріс ағым ұстанушы күйеуі тастап кеткен. Енді кейбірі еш себепсіз-ақ, ұнамайсың деп әйелін бала-шағасымен тастап, талақ берген. Міне, осындай жас келіншектер шарасыздықтан мешіттерден көмек сұрайды.

Егер күйеулері қамқорлығына алса, олар бұлай қайыршының күйіне түспес еді ғой. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «...Ер адам өз отбасының бақташысы. Ол отбасындағылар үшін жауапты" деген. Мейлі, тағдырлары тоғыспай, ажырасқан күннің өзінде әке бала-шағасын қамтамасыз етуге міндетті. Құлшылықтан не пайда, егер ер адам табысын жасырып, өз ұл-қызына алимент төлеуден қашатын болса?! Бұлай жасау күнә», - дейді ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби қажы Оспан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары