Мәскеу көшелерінде 20 мың тұрғын ереуілге шығып, биліктен осы жазда тұтқындалған ереуілшілерді босатуды талап етті, - деп хабарлайды qazaqtimes.
Осы жолы наразы топ «Саяси тұтқынға еркіндік керек!» деген лозунгтармен шықты.
Бұл акцияға Мәскеу әкімшілігі рұқсат берген. Шілдеден бері тәуелсіз кандидаттарды Мәскеу қалалық дума сайлауына өткізбеуіне байланысты қарсылық акциялары жалғасып келеді. 27 шілде және 3 тамызда өткен акцияларға билік рұқсат етпеген. Наразылық кезінде бірнеше мың адам ұсталды.
Полиция шерушілерге күш қолданды. 27 шілде күнгі акциядан соң Ресейдің тергеу комитеті «жаппай тәртіпсіздік» бойынша қылмыстық іс қозғады, 14 адамға айып тағылды.