$ 446.49  475.38  4.79

Бозбала көлікпен үш баланы қағып, біреуі ажал құшты

Ойнап жүрген үш баланы қағып кетіп, артынша электр бағанына соғылған.

Шымкентте 17 жастағы жасөспірім көлікпен үш баланы қағып, оның біреуі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы жағдай қаланың орталығындағы көшелердің бірінде болған.

Көліктің руліне отырған 2002 жылы туған жасөспірім қатты жылдамдықпен жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сөйтіп ойнап жүрген үш баланы қағып кетіп, артынша электр бағанына соғылған. Оқиға орнында 7 жасар бала көз жұмды. Қалған екі бала Түркістан облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

«Қазір науқастардың жағдайлары бірқалыпты ауыр. Біріншісі бас миының шайқалуы мен оң жақ сан сүйегінің сынуы сияқты жарақат алған. Ол кеше жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Бүгін емдеу бөліміне ауыстырылды. Екінші бала бас миының шайқалуы диагнозымен түсті. Екеуінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ»,- дейді Түркістан облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әбдішүкір Егізбаев.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары