30.09.2019, 21:21

Оралда 27 жастағы әйел із-түзсіз жоғалып кетті

Фото:Sputniknews.kz
Әйел адамның туыстарының сөзінше, соңғы рет Әйгерімді 2019 жылдың 27 қыркүйек күні көрген.

Оралда туған-туыстары Әйгерім Шаркүбенов-Узахованы іздестіруде. 27 жастағы әйел адам үйден белгісіз бағытта кеткен. Одан төрт күннен бері ешқандай хабар жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әйел адамның туыстарының сөзінше, соңғы рет Әйгерімді 2019 жылдың 27 қыркүйек күні көрген. Ол Гагарин көшесінде орналасқан үйден шығып, жоғалып кетті. Туған-туыстары алаңдап отыр.

Полиция хабарлауынша, жоғалған күні Әйгерімнің үстінде джинсы, қара күдері етік және қара плащ болған. Келіншектің бойы 160 сантиметр, қара шашты, қоңыр көзді. Көзілдірік тағады.

Қандай да бір ақпаратқа ие адамдарға 102 немесе 87719057627 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Тегтер: розыск