01.10.2019, 03:00

Бойжеткен өлім аузында жатқан жігітке тұрмысқа шықты

Ғашықтар мұндай сұмдық хабарды естігеннен кейін үйлену тойын шілде айында өткізуді шешіпті.

Англияның Аккрингтон қаласының тұрғыны қатерлі дертке шалдығып, өлім аузында жатқан жігітіне тұрмысқа шықты.

2016 жылы Дэн Кэссидидің аққан ауруына шалдыққаны анықталыпты. Жігітке диализ жасалып, қаны тазартылған. Алайда артынша оның миына қан құйылып, дәрігерлер жасанды комаға енгізуге мәжбүр болады. Мұнан кейін Кэссидидің миына ота жасалып, бағаналық жасушалары алмастырылып, химио және радиотерапия алыпты. Ол Рождествоның қарсаңында ауруханадан шығарылған.  

26 жастағы жігіт дертінен айыға бастаған соң, 10 жыл бойы кездесіп жүрген сүйіктісі Дарси Янгтен тұрмысқа шығуын сұрап, ұсыныс жасайды. Ер адам ауруханадан шыққан соң өмірдің қамшының сабындай қысқа екенін ұққанын айтқан. Кэссиди сүйіктісін ата-әжесінің сүйікті дәмханасына алып барып, бір қорап кәмпит сыйлаған. Қораптың ішінде «Маған тұрмысқа шығасың ба?» деп жазылған. 

«Мен 15 жаста болғанда ол шоколад сыйлап, кездесуді ұсынған еді», - деп еске алады Дарси. 

Осылайша, шаңырақ көтеруге ниеттенген ғашықтар 2019 жылдың қараша айында некелесуді ұйғарады. Кэссиди әр үш ай сайын дәрігердің тексеруінен өтіп тұрған. Биылғы жылдың наурыз айында оның дерті қайтадан сыр беріпті.  

«Дәрігерлер бір жыл өмірім ғана қалғанын айтты», - дейді жас жігіт. 

Ғашықтар мұндай сұмдық хабарды естігеннен кейін үйлену тойын шілде айында өткізуді шешіпті. 

«Үйлену тойы түрлі сезімге толы болды. Бұл менің өмірімдегі ең керемет күн. Бәрі қиялдағыдай өтті», - дейді қалыңдықтың құрбысы Хизер Лэндон. 

Дарси бүгінде күйеуімен өмірдің әр сәтінен ләззат алуға тырысып жүргендерін айтады.

Дереккөз: Stan.kz

Тегтер: Англия