$ 442.05  474.14  4.74

«Ешкімде шаруасы жоқ»: телефонын қуаттаймын деп қайтыс болған қыз қандай еді?

Бүкіл ауыл қызбен қоштасуға келді.

Алматы облысында телефонын қуаттаймын деп ажал құшқан оқушы туралы таныстары әңгімелеп берді.  Бүкіл ауыл қызбен қоштасуға келді, деп хабарлайды  КТК телеарнасы.

Телефонын қуаттаймын деп қаза тапқан

Бестөбе ауылының тұрғыны. 14 жастағы оқушы өткен сенбі күні смартфонын тоққа сұғып, өзі әуен тыңдап жатқан екен. Осы сәтте оны тоқ соққан. Жасөспірім төсегінде жатып тіл тартпай кетіпті. Қыздарының тоққа түсіп көз жұмғанын полицияға ата-анасы хабарлаған.

"Оқушы қыздың қайтыс болғаны туралы дерек ата анасынан келіп түсті. Аталған дерек қайғылы оқиға ретінде тіркелді. Яғни, қыздың тоқ соғып қайтыс болғаны анықталды. Оқиға орнынан телефон қуаттайтын құрылғы табылды", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

Марқұм Қаратал ауданындағы Максим Горький атындағы мектепте оқыған. Былтыр ғана басқа мектептен ауысып келген қызға сыныптастары да тез бауыр басып қалыпты. Құрбылары оны өте ұқыпты, білімді, спортқа жақын еді деп еске алады. Марқұм баскетболдан аудандық қыздар құрамасы сапында ойнаған.

"Баскетболға қатысатын. Анасына қолқанат, сүйікті қызы еді. Ешкімде шаруасы жоқ, пәк қыз. Ешкімнің ала жібін аттамаған", - дейді ауылдасы Аяжан. 

Қарапайым телефон қуаттағыштан қаза тапқан оқушының қайғысы барша мектеп ұжымының қабырғасын қайыстыды. Марқұмның сынып жетекшісі смартфон ұстайтын өзге оқушыларды аса абай болуға шақырады.  

"Ұялы телефон қолданып жүрген балалар өте абай болыңыздар дегім келеді. Сақтаныңыздар, сақтықта қорлық жоқ. Енді Алуаның өзіне келетін болсам, тамаша ақкөңіл, ақжарқын оқушы еді. Біз қайғырып, атаанасына, тума-туыстарына көңіл айтамыз", - деді марқұмның сынып жетекшісі Гүлнар Жанысбаева.

Оқиғаның ақ-қарасын аудандық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Әзірге ақау шыққан телефонның қайда жасалғаны белгісіз. Оны тәртіп сақшылары сараптамаға жіберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары