01.10.2019, 08:10

ШҚО-да жол апаты боп, 7 адам зардап шекті (ВИДЕО)

Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы Улан ауданында жол апаты болып, 7 адамзардап шекті. Оқиға себебі анықталып жатыр, деп жазады YK-news.kz.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 28 қыркүйек Улан ауданы Сағыр ауылына жақын маңда болған.

«38 жастағы Chevrolet жүргізушісі қарсы жолдың қарсы тарапына шығып, «Toyota» маркалы жеңіл автокөлікке соққан», - деп хабарлайды ведомстводағылар. 

Салдарынан 7 адам медицина көмегіне жүгінген.

 

Тегтер: жол апаты ШҚО