Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Армения Республикасына барды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Ереван қаласына келді. Мемлекет басшылары жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар, Қазақстан президенті бірқатар екіжақты кездесулер өткізуді жоспарлап отыр», - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.