Оралда әйел үй аламын деп, 5,8 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, әйел алаяқтың құрығына түскен.
Круглоозерный кентінің 1989 жылғы тұрғыны аталған әйелдің сеніміне кіріп, сотта кепілдікте тұрған пәтерді алып беремін деп алдаған.
Қазіргі кезде күдікті ұсталып, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өкінішке қарай, өңірде осындай алаяқтық деректері азаймай отыр.