$ 446.49  475.38  4.79

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз

Бүгін республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыс, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты күн райы тұрақсыз болады деп күтілуде: жауын жауып, тұман түседі, жел күшейіп, көктайғақ болады деп хабарлайды «Қазгидромет».

Синоптиктердің болжамынша, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жел күші секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, өңірде аяз сақталады. Павлодар облысының бірқатар аудандарында тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында да жел күшіне мінеді, түнде тұманды болады деп күтілуде.

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Күндіз жел тұрып, аязды ауа райы сақталады.

Алматыда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түн тұманды болады. Жел жылдамдығы секундына 0-5 метр. Түнде ауа температурасы -7-9 градусты көрсетсе, күндіз 0-2°С.

Астанада да көшпелі бұлт жүреді, жауын жаумайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы -9-11 градус, күндіз -4-6°С нөлден төмен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары