Танымал қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігімен соттасуға ниетті екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оның қорғаушысы Закир Асадовтың айтуынша, Ішкі істер министрлігі Руслан Жанпейісовтың бұдан бұрын қандай жазаға тартылғаны жөнінде ақпарат жариялаған, алайда, олар атаған бап бойынша қоғам белсендісі заң алдында жауап беріп қойған.
"Қазіргі уақытта бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, өйткені менің қорғалушымның соттылығы ресми түрде 2018 жылдың 23 тамызында жойылған. Және бүгінгі таңда Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес ол ресми түрде сотталмаған тұлға болып табылады", – деп мәлімдеді Закир Асадов.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын танымал блогер, қоғамдық құқық қорғаушы Руслан Жанпейісовтің Шымкент қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлаған болатынбыз.
Кейіннен 28 қыркүйекте оның қамаудан босатылғаны белгілі болды.