Қостанай облысындағы Обаған өзенінде балықтың жаппай қырылуына кәдімгі кене себеп болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Арнайы жүргізілген сараптама қорытындысы осындай.
Естеріңізге салайық, бір апта бұрын Құшмұрын ауылы маңындағы өзеннен бір центнерге жуық балықтың өлексесі табылған еді. Мамандар су маржандарының денесіндегі қызыл даққа қарап, қызамық ауруының да белгілері барын айтып отыр. Сондықтан санитарлық эпидемиологиялық станцияда қосымша сараптама өткізбек.
Таңат Смаилов, облыстық инспекцияның балық шаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Ветериналық қызметтің берген сараптамасы бойынша қолдануға, пайдалануға жатпайды, зиянды, жеуге болмайды деп жазылған. Біз енді қосымша сараптама өткеннен кейін, егер де расында сараптамада халыққа немесе қоршаған ортаға зиян деген болса, біз БАҚ арқылы ақпарат береміз, көлден балық аулауға тыйым саламыз.