$ 494.87  520.65  4.91

Семейлік әйел көңілдесін өртеп жіберді

Семейде 37 жастағы әйел көңілдесінің үстіне жанармай құйып өртеп жіберді деп хабарлайды YK-news.kz. Порталдың мәліметінше, ер азамат заңды некеде өзге әйелмен тұрған.

Күдікті әйел сұлулық салонында шаштараз болып жұмыс істеген. Ер азамат екеуі сол жерде танысыпты. Көңілдері жарасқан олар біраз уақыттан кейін кетіскен екен. Алайда, әйел көңілдесін кері қайтару үшін оның қыр-соңынан қалмаған.

Көлік ішінде болған соңғы кездесу кезінде әйел ер азаматтың арқасын уқалап беремін деп, оны шешіндіріпті. Алайда, арқасын маймен емес, алдын ала дайындап әкелген жанармаймен ысқылап, қасақана от қойып жіберген. Қызыл жалын лап беріп, ер азаматпен бірге көліктің слоны да өртенген. Салдарынан күдікті әйел де біршама дене жарақатын алыпты.

Араға екі апта салып жәбірленуші ауруханада жан тапсырды. Ол өлместен бұрын оқиғаның қалай өрбігенін полицияға айтып үлгерген. Ал, ұсталған әйел болса өртті әдейі қоймағанын айтып, ақталуға тырысты. Дегенмен, сот оны кісі өліміне кінәлі деп тауып, 16 жылға бас бостандығынан айырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары