$ 494.87  520.65  4.91

Қаланы сумен қамтамасыз етпеген Жезқазған әкімі сөгіс естіді

Қарағанды облысының әкімі қаражатты қоғамдық мәселені шешуге тиімді қолдануға шақырды.
фото: zhezmedia.kz
фото: zhezmedia.kz

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Жезқазған қаласының әкіміне сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

 Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімінің жұмысын өңір салқын сумен қамтамасыз етілмегендіктен сынаған. 

 «Мен сумен қамтамасыз ететін бөлім жұмысын теріс бағалаймын. Сонымен қатар, «Қазақмыс» басшылығына хабарлайтыным: қаланы сумен қамтамасыз етуге жауапты барлық адам ұстанымының сәйкестігіне назар аударыңдар», - деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек. 

2020 жылы Жезқазғанның бюджеті 5 миллиардқа өседі. Қарағанды облысының әкімі қаражатты қоғамдық мәселені шешуге тиімді қолдануға шақырды. Жеңіс Қасымбек Жезқазған - Қызылорда трассасы бойынша жөндеу жұмыстары мамырда бітетінін хабарлаған. 

2021 жылға қарай Қарағанды-Жезқазған жолында күрделі жұмыс басталатынын мәлімдеген.  

Еске салайық, Қайрат Бегімов 2018 жылы Жезқазған әкімі болып тағайындалған. Бұған дейін ол Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары