$ 498.34  519.72  4.85

Жамбыл облысында ұлттық спорттан турнир өтті

Таразда өткен турнирге өңірден 200-ге жуық өрен жиналды.

Жамбыл облысында ұлттық спорт түрі – белдесу күресі жанданып келеді, деп хабарлайды 24.kz.

Таразда өткен турнирге өңірден 200-ге жуық өрен жиналды. Балуандар 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Білегі мықты жасөспірімдер бір-бірінің белінен қапсыра құшақтап, түрлі айла-тәсіл арқылы боз кілемге атып ұруға талпынды. Аймақта қара күш пен ептілікті қажет ететін белдесу күресімен шұғылданатын арнайы зал да ашылған. Спорт мамандарының айтуынша, турнирде топ жарған апайтөс ұлдар Қостанайда өтетін республикалық сайыста Жамбыл облысының намысын қорғайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары