$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан мен Ресей президенттері Валдай форумында кездеседі

Жиында Шығыстың әлемдік нарыққа әсері талқыланады.

Ресей президенті Владимир Путин Сочиде Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты өңірлік мәселелерді талқылайды, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

3 қазан күні Путин "Валдай" клубының пленарлық сессиясына қатысады деп күтіліп отыр.

"Форумда Ресей президенті Әзербайжан, Иордания, Қазақстан және Филиппин елдерінің басшыларымен кездеседі. Екіжақты және өңірлік мәселелер талқыланады деп күтіліп отыр", - деп жазылған  хабарламада.

"Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысы 30 қыркүйек – 3 қазан күндері аралығында өтеді. Тақырыбы:"Шығыс дамуы және әлемдік саяси құрылыс". Ал панельдік сессия 3 қазан күні өтеді.

Форумға қатысушылар Шығыстың әлемдегі жағдайға әсері, таяу шығыс мәселелерін реттеу, Еуразия кеңістігі аумағында әріптестік орнату жайы талқыланады. Сондай-ақ, Ресейдің Шығыс бағытындағы сыртқы саясатына ерекше көңіл аударылады деп күтіліп отыр.

Клуб жұмысына 37 елден 140-тан астам сарапшы келеді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары