Ұлыбриятания Еуроодақтан шыққан соң жаңа қатаңдатылған иммиграциялық жүйе енгізеді, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл туралы осы елдің Ішкі істер министрі Прити Пател мәлімдеді. Жаңа тәртіпке Австралияның 5 балдық жүйесі негіз етіп алынбақ. Ол бойынша өзге елдің азаматтарын қабылдауда тек өте қажетті мамандық иелеріне басымдық беріледі. Ал қалған қоныс аударушыларға шектеу қойылады.
Еске сала кетейік, Ұлыбритания Еуроодақтан биыл наурыздың 29 күні шығуы тиіс болған. Бірақ парламент Тереза Мэй үкіметінің келісімін үш рет кері қайтарып, брексит қазанның 31-іне шегерілген еді.