$ 494.87  520.65  4.91

Головкин Деревянченконы нокаутпен жеңетінін айтты

Головкин — Деревянченко бокс кеші 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 5 қазандағы жекпе-жекте қарсыласы, украиналық Сергей Деревянченконы нокаутқа жіберу үшін барын салатынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz. 

«Мен өз стилімді сақтап қалғым келеді. Ол — big drama show. Егер ол маған бірінші немесе екінші раундтқа қандай да бір мүмкіндік берсе, мен оны нокаутпен жеңемін. Сол сәтті өткізіп алмаңыздар! Қазір менің бар ынта-ықыласым, күш-жігерім Деревянченкомен айқасқа бағытталған. Деревянченконы тізе бүктірсем, мені керемет болашақ күтіп тұр дей беріңіз. Маған біріктіруші жекпе-жектер, танымал есімдер керек... Мұнымен тоқтап қалмаймын. Мен бәріне дайынмын», - деді Геннадий Головкин ашық жаттығудан кейін. 

Еске сала кетейік, Головкин — Деревянченко бокс кеші 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Спортшылар орта салмақтағы IBF және IBO титулы үшін бақ сынайды. 

Осы бокс кешінің андеркардында тағы бір қазақ боксшысы Әли Ахмедов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – америкалық Эндрю Эрнандес.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Головкин