$ 446.49  475.38  4.79

Түркістан облысында түрмеге келген тұрғын туысына есірткі алып өтпек болған

Табылған өсімдік сараптамаға жіберіліп, оның салмағы 4 грамға жуық марихуана екені анықталды.

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы түзеу мекемесінде туысына кірмек болған тұрғын ұсталды. Ол ағасына жасырын түрде есірткі алып өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық оқиға Леңгір қаласында орналасқан қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде орын алған. Түрме қызметкерлерінің бірі полицияға хабарласып, №1 бақылау бекетіне келген азаматтың кескін-келбеті күдік тудырғанын айтқан. Аталған ақпарат бойынша аудандық полицейлер тез арада түзеу мекемесіне келіп, әлгіні тексерген. Тінту барысында оның аяқ киімінің табанынан ұялы телефон мен құлаққап және ақ параққа оралған есірткіге ұқсас шөп табылады. Ол мекеме ішінде ұсталып, айғақты заттар тәркіленіп алынған. Табылған өсімдік сараптамаға жіберіліп, оның салмағы 4 грамға жуық марихуана екені анықталды. 

«Күдікті азамат түзеу мекемесінде жатқан ағасының хал-жағдайын білу мақсатында кездесуге келген. Оған ҚР ҚПК-нің 128-бабы «Күдіктіні ұстап алу» бойынша бұлтартпау шарасы қолданылып, қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары