Германияда қазақстандық әйел 2 айлық ұлын аш қалдырып, соның салдарынан бала қайтыс болды, деп жазады stan.kz.
Екі айлық баланың салмағы небәрі — 2823 грамм болды Бұл оның туғандағы салмағынан аз.
Қайғылы оқиға 2017 жылдың қараша айында болды. Тергеу «Абайсызда адам өлтіру» деген баппен екі жылға созылды. Айыпталушы әйел — Қазақстанның тумасы. Қайтыс болған ұлынан басқа 6 баласы бар Олар 4-11 жас аралығында.
Сот-медициналық сарапшылар баланың ішек қабынуы болғанын, оның диареямен ауырғанын анықтады. Алайда, мамандар өлімнің қан айналымы бұзылуының себебін атады.
Сот сарапшысы сотта баланың қабырғалары қатты шағылып, терісі тайып кеткенін айтты. Алайда бұл жағдай баланың жағдайы ата-анасының алаңдаушылығын тудыраған, олар педиатрға ешқашан бармаған.
Баланың әкесі — Марокко азаматы. Алты баласымен үшбөлмелі пәтерде тұрады. Отбасы жергілікті билік органдарында тіркелген. Оларға қолдау көрсетіп, жәрдемақы төленіп тұрды. Дегенмен, әлеуметтік қызмет отбасында жетінші баланың дүниеге келгенінен бейхабар.
Гамбург сотының прокуроры «Адам өлтіру» бабын қайта даярлауды талап етеді. Егер әйелдің кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.