$ 448.15  483.46  4.86

Таразда 25 жастағы жігітке 3 жасар қызды зорлады деген айып тағылды

Хабарланғандай, іс материалдары сот өндірісіне 2 қазан күні келіп түскен.
Фото: Pixabay.kz
Фото: Pixabay.kz

Жамбыл облысының 25 жастағы тұрғыны үш жасар қызды зорлады деп айыпталуда. Екі томнан тұратын іс материалдары сотқа жетіп, өндіріске қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарланғандай, іс материалдары сот өндірісіне 2 қазан күні келіп түскен. Шу ауданы Абай ауылының тумасы кәмелетке толмаған қыздың дәрменсіз күйін пайдаланып зорлағаны үшін айыпталуда (ҚР ҚК 120- бабы 2- бөлімі).

Айта кетейік, бұл жантүршігерлік жағдай туралы осы жылдың маусым айында болған. Алаңда ойнап жүрген кішкентай қызды күдікті көршісі үйге алып кеткен. Адамдар үш жасар қыздың жан дауысын естіген соң ғана көмекке жүгірген. Арам пиғылды азамат жасырынып қалғысы келгенімен, ойы жүзеге аспапты. Тұрғындар оны полиция келгенше бағанаға байлап тастаған екен.

Кейінірек күдіктінің Тараздағы тергеу изоляторына жіберілгені мәлім болды. Тергеу жұмысын Жамбыл облысы Полиция департаменті басшысы мен прокурор бақылауына алды.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары