$ 494.87  520.65  4.91

«Шешім қабылдайтын адамдар қоғамның қыспағында отыр» — Дәурен Абаев

Бас прокуратурамен бірлескен тексеруде шетелдік және қазақстандық жұмысшыларға екі түрлі ақы төленіп келген.
фото: turkystan.kz
фото: turkystan.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында Алматы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебавтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды holanews.kz.

«Мен үзілді-кесілді пікір айтудан аулақпын. Себебі, болған оқиғаның мән-жайынан хабарсызбын. Мұнымен құзырлы органдар және сот айналысуда және солар нақты шешім қабылдайды. Мен тек екі нәрсені айтқым келеді: біріншісі – өте қайғылы оқиға орын алды. Кез келген өлім марқұмның жақындары мен туыстарына орны толмайтын қайғы әкеледі. Әсіресе, жас, отбасының тірегі болатын адамның қазасы ауыр. Мұнда отбасына көңіл айтудан басқа амалымыз жоқ», - деді министр. 

Оның айтуынша, интернетте болып жатқан даулар тергеуге кедергі келтіруде. 

«Кімнің кінәлі екенін бірден айту қиын. Бір айтарым, интернетте болып жатқан дау-дамай бүкіл процеске кедергі келтіреді. Себебі, іс бойынша шешім қабылдайтын адамдар қоғамның қыспағында отыр. Тағы бір өкінішті жайт – адамдардың дәрігерлерді немесе полицейлерді жаппай қаралауы. Клавиатурамен айыптау оңай. Бірақ, бұл пікірді 9 сағаттық қиын отадан шыққан хирургке айта алмайсыз. Үйге қонбай, қауіпті қылмыскерді ұстаған полицейге айта алмайсыз. Мұның барлығы біздің қауіпсіздігіміз үшін. Дәрігерлер мен полицейлер күн сайын жүздеген өмірді құтқарады. Оларға құрметпен қараған жөн. Атышулы іс бойынша сот қана шешім қабылдайды», - деді Абаев.

Сондай-ақ, министр қазақстандық кәсіпорындарға жүргізілген тексеру нәтижелерін айтты. 

Оның айтуынша, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бас прокуратурамен бірлескен тексеруде шетелдік және қазақстандық жұмысшыларға екі түрлі ақы төленіп келген.

«Әзірге елуге жуық кәсіпорынға тексеру жүргізілді. Онда жүздеген еңбек және көші-қон заңнамаларының бұзылу фактілері анықталды. Өкінішке қарай, олардың басым бөлігі – еңбекақы мен сыйақы төлеудегі қазақстандық және шетелдік жұмысшылар арасындағы теңсіздік. Одан бөлек, министрлік еңбек мәселелері бойынша заң жобасын әзірледі. Онда жұмыс берушілер қызметкерлеріне теңдей жағдай жасауға міндеттелген», - деп түсіндірді Дәурен Абаев. 

«Қасым-Жомарт Кемелұлы жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын нақты айтты. Біз де барынша түсіндірдік. Енді бұл жер ресурстарын тиімді пайдалануымыз керек. Осы тапсырма аясында өңірлерде жер ресурстарына аудит жүргізу жұмыстары басталды», - деді министр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары