$ 494.87  520.65  4.91

Жазасын өтеушілерсіз қалған түрме ғимараты 122,5 млн теңгеге аукцион арқылы сатылады (ВИДЕО)

Мұнда туберкулезге шалдыққан қылмыскерлер жазасын өтепті.

Павлодарда түрме ғимараты аукцион арқылы сатылмақ. Кешеннің бастапқы құны 122 жарым млн-нан асып жығылды, деп хабарлайды astanatv.kz.

2014 жылдан бері қаңырап бос тұрған түзету мекемесі жазасын өтеушілердің аздығынан жабылып қалған. Бір айта кетерлігі, мұнда туберкулезге шалдыққан қылмыскерлер жазасын өтепті. Бұған дейін түрмеде 124 сотталушы болған. Оның барлығы басқа абықтыларға жіберілген. 

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мәліметінше, аукцион 15 қазанда электронды түрде жүргізіледі. Қамау мекемесі 24 нысаннан құралған. Оның ішінде жатақхана, асхана, әкімшілік корпустармен қатар қоймалар да бар. Жалпы аумағы 10 мың шаршы метр. 

Ләззат Естаева, облыстық мемлекеттік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы: 

Егер бұл күні сатылмаса, 20 жұмыс күннен кейін бағаны төмендету әдісімен сатдуа-саттық жүргізіледі. Яғни, мұнда баға 50 пайызға дейін төмендеу мүмкін. Егер, сол кезде де сатылмаса, онда үшінші рет бағаны төмендету әдісімен қойылады. Онда ең төменгі баға белгіленбейді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары