Шымкент қаласында ішімдікке сылқия тойып алған әйел адам мектепте жанжал шығарып, полиция қызметкерімен төбелесіп қалды. Әл-Фараби аудандық соты екі баланың анасына қатысты қылмыстық істі қарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әйелге билік өкіліне тіл тигізді және зорлық жасады деп айып тағылды.
Оқиғаның Шымкенттегі мектептердің бірінде ата-аналар жиналысы кезінде болғаны белгілі болды.
Мектептің спорт залында директор, учаскелік инспектордың қатысуымен болған мәслихатта бір ана жанжал шығарған.
Ол наразылық білдіріріп, айқайға басқан. Учаскелік инспектор азаматшаны сабасына келтіріп, спорт залдан шығармақшы болыпты.
Алайда ашуы тарқамаған әйел адам тәртіп сақшысын жұдырықпен салып жіберген.
Полиция қызметкерлі іші мен мойынынан соққы алған.
Сол маңда тұрған бірнеше мұғалімдер ашуға булыққан ананы сабырға шақырыпты.
Болған жағдай бақылау камерасына жазылып қалған.
Нәтижесінде, полиция қызметкері арыз жазуға мәжбүр болды, әйел адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378 бабы (билік өкіліне тіл тигізу) және 380 бабы (билік өкіліне зорлық-зомбылық) бойынша жауапқа тартылды.
Сол күні азаматша медициналық тексерістен өтті. Сараптама оның орташа мас күйде болғанын көрсетті.
Сот отырысында айыпталушы өзінің жасаған ісіне өкінетінін айтты.
Сот бар жағдайды ескеріп әйел адамды барлық жағынан кінәлі деп тапты.
Ол бір жылға бас бостандығынан айырылды.