$ 445.66  474.58  4.78

«Мұндай әлсіз ойын күткен жоқпын»: Сербиялық маман қазақстандық футболшылардың ойыны жайлы пікір білдірді

Екінші тайм соңы ғана қиындау болды. Мен «Астананың» дәрменсіздігіне таңдандым.

Cербиялық белгілі SrbijaDanas.com порталының журналисті Михайло Тркуля Vesti.kz-ге берген сұхбатында «Астанамен» матчтағы «Партизан» командасының жеңісін Еуропа лигасы тобындағы өте маңызды ойын болғанын айтты.

Қазақстан астанасында өткен ойын 1:2 есебімен «Партизан» пайдасына аяқталды.

«Қазақстан астанасына сапар - барлық команда үшін ауыр, тіпті грандтар үшін де. Жолымыз болды. «Партизан» матч бойы мықты ойнады. Екінші тайм соңы ғана қиындау болды. Мен «Астананың» дәрменсіздігіне таңдандым. Мұндай әлсіз ойын күткен жоқпын. Қазақстандықтар өз алаңында кез келгенді ұтуға дайын жүреді, бірақ, «Партизанмен» ойы да құлықсыз еді. Шабуылға шыққанымен мақсатсыз ойнады. Қалай дегенмен, бұл «Партизанның» топтық кезеңдегі бірінші жеңісі. Ол психологиялық және стратегиялық тұрғыда өте маңызды. Біз өте қиын топқа түстік. Қызық алда», - дейді Тркуля.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары