Жаңалықтар 04.10.2019 сағат 23:23

«Кімге ақыл айтпақшы мына мұрынбоқ»: Тазабековті жақтаған айтыскер оңбай сынға ұшырады

Айтыскер жазбасында Тазабековті жер-көкке сыйғызбай мақтап, оны Абай мен Шәкәрімге теңеген.
«Кімге ақыл айтпақшы мына мұрынбоқ»: Тазабековті жақтаған айтыскер оңбай сынға ұшырады
Коллаж: SN.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мұхамеджан Тазабековті жақтап, Facebook әлеуметтік желісіне жазба қалдырған айтыскер Сырым Әуезхан оңбай сынға ұшырады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Айтыскер жазбасында Тазабековті жер-көкке сыйғызбай мақтап, оны Абай мен Шәкәрімге теңеген. 

"Мұхамеджан аға әр өңірге барғанда қарсы алып, залдарға сыймай жатқан мыңдаған, миллиондаған халық емес, алаңға шыққыш, комментарий жазғыш, қолы бос, өзінің барлық бақытсыздығын өзінен басқалардан көретін бір топ. Құрметті менің оқырмандарым, сіздер ол топтан болмаңыздар! Ит үреді, керуен көшеді. Мұхамеджан аға игі-ізгілердің керуеніне ілесіп келе жатқалы осымен жиырма жылдың ішінде оған қарсы үргендердің саны азайған емес. Бірақ, жақсылықтың керуені тоқтаған жоқ, үрген иттер үрген күйі қалып кетті. Алла қолдап тұрғанда, солай бола береді", - деп жазған ол.

Әуезхан бұл жазбасына Тазабековтен бастап Мұхтар Ниязов, Нұрбек Бекбау, Нұрлан Әбдірұлы, Ғани Байсал, Ұларбек Нұрғалымұлы, Тимур Бектұр және Бейбіт Сарыбайды тегтеген. Азамат Нұрмахан есімді желі қолданушысы белгіленген кісілердің арасында Сарыбайдың не үшін жүргенін түсінбейтінін жазған. 

Басқа да желі қолданушылары айтыскерді оңбай сынап, түрлі пікір қалдырған.

"Бұл да Жүрсіннен сол салафтарға қашқанның біреуі емес пе еді.

Тамақ әперіп отыр ғой бұған, мына жерде", "Ай бауырым-ай, айтыс пен домбыраны алғаш ХАРАМ қылған осы Мұхаммеджан еді", "Танауы таңқиып кімге ақыл айтпақшы мына мұрынбоқ! Мұхамеджаныңды Абайға, Шәкірімге теңегендей сыңай танытыпсың. Мұхамеджаныңнан бастап, сендер, сен сияқтылардың ақылына, уағызына халық мұқтаж емес. Сендердікі тек тілмен елдің, жастардың миын ашыту, адастыру, тілмен майдалап отырып сендіру. Ол өнерлерің өкінішке қарай ізденбейтін, сенгіш, аңқауларға өтіп жатыр", - деп жазды олар. 

Айта кетейік, Мұхамеджан Тазабектің полицейлер алдындағы «жалынды сөзі» елді елең еткізбей қоймады, әрине. Эмоцияға беріліп артық кетіп қалды ма, әлде, еркін сөйлеймін деп ойын жинақтай алмады ма, әйтеуір, оның сол сәтте халық пен дінге қатысты айтқан ұшқары пікірлері аз сыналған жоқ. Әлі де сыналып жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар