$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстандық теннисші халықаралық турнирде басым түсті

Турнирдің былтырғы жеңімпазы Зәурет Ақашева биыл да қарсылас шыдатқан жоқ.
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Алматыда үстел теннисінен «Оңтүстік астана» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Жарысқа қатысқан 120 спортшының ішінен ерлер мен әйелдер арасында алты адамға ғана жүлде бұйырды. 

Турнирдің былтырғы жеңімпазы Зәурет Ақашева биыл да қарсылас шыдатқан жоқ.  Ол жартылай финалда талантты спортшы Сарвиноз Мирқадырованы ұтса, ақтық сында елордалық Анастасия Лавровадан басым түсті. 

Ерлер арасында ресейлік Илья Березин мен Илья Жидков алтын мен күмісті иеленсе, өскемендік Денис Жолдуев үшінші орынға тұрақтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары