Қазақстан аудандары арасындағы алғашқы кинотеатр Индер ауданында "INDERBOR CINEMA" атаумен тұңғыш рет 3D форматтағы кинотеатр ашылды.
Жастар жылы аясында қолға алынған бұл шара - Индер ауданы әкімдігі мен "Меломан" компаниясының бірлескен жобасы. "Жастар орталығы" ғимаратында орналасқан кинотеатрдың сыйымдылығы 200 адам. Бастысы, 3D форматтағы заманауи, лазерлі экран сапалы құрылғылармен жасақталған.
Еліміздегі аудандар бойынша алғашқы кинотеатрдың ашылуын аудан әкімі Қалауи Мейірім Жоламанұлы мен Meloman компаниясының өкілі Низами Мамедов өз тілегін арнады.
Алғашқы кино көрсетілім ретінде қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» атты тарихи фильмі жергілікті көрермендерге ұсынылды.
Бұдан әрі елімізде көрсетілетін кино прьемераларды да аудан тұрғындары қалаға бармай-ақ осы кинотеатрда тамашалай алмақ.