Жаңалықтар 05.10.2019 сағат 10:46

Сәләфи бағытындағы азаматтар Сирияға кету үшін киімдерін шешіп тастап, дін ұстанбайтын адам құсап жүреді - теолог

Біз үнемі сәләфи бағытындағы адамдар сақал қояды, балағы қысқа болады дейміз ғой. Қазір олар костюм шалбар киюі мүмкін.
Сәләфи бағытындағы азаматтар Сирияға кету үшін киімдерін шешіп тастап, дін ұстанбайтын адам құсап жүреді - теолог
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жат ағым ілімімен санасы уланған азаматтар қандай жолмен болсын мақсатына жетуге дайын болады. Осындай оқиғалардың бірін Ақтөбеде уақытша қамау изоляторында жұмыс істеп келген белгілі дінтанушы, теолог, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты Серікжан Еншібай айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Радикал сәләфи бағытындағы азаматтар өз мақсаттарына жету үшін көптеген айла тәсілге барады. Құқық қорғау органдарының құрығы ұзарған сайын мақсатына жетуге асыққан олар Сирияға кету үшін боянып, киімдерін шешіп тастап, дін ұстанбайтын адам құсап жүреді. Сондағы түпкі мақсат – ешкімнің күдігіне ілінбей Сирияға кетіп қалу. Сондай оқиға Ақтөбеде болды. Микроавтобуспен кетіп бара жатқан 10 отбасы дер кезінде құқық қорғау органының құрығына түсті. Олардың барлығы хиджабтарын шешкен. Ешқандай діни атрибут жоқ. Кішкентай сәбилерін алып алған. Ұсталған кезде біреуі - Қырғызстанға, екіншісі – Ресейге бара жатырмыз деген уәж айтты. Сонымен қатар, бұрын үнемі никаб киіп жүретін Ақтаулық екі қыз да бір мезетте киімдерін шешіп тастап шетелге кетіп бара жатқанда әуежайда ұсталды», - деді Серікжан Еншібай. 

Теологтың айтуынша, қазір көптеген теріс ағымдағы адамдар діни атрибутиканы тастай бастаған. 

«Біз үнемі сәләфи бағытындағы адамдар сақал қояды, балағы қысқа болады дейміз ғой. Қазір олар костюм шалбар киюі мүмкін. Сақалы болмауы да ғажап емес. Іссапармен бір әкімшілікке барғанда қызметкерлер бізде осындай жігіт бар, үнемі дін туралы әңгіме айтады деп сонымен сөйлесіп беруді өтінген болатын. Жолығып сөйлескенде әлгі жігіттің адасып жүргенін түсіндім. Кейін жұмысынан шығып кетті», - деді ол. 

Сарапшы айтқандай, сәлафи ағымының бірнеше тармағы бар. Олардың барлығы бірдей жиһадқа шақырмайды. 

«Біреулер ішінде бір бармағын бүгіп, жасырын жүреді. Көптеген теолог, психологтар ашық насихаттайтындардан гөрі жасырын, тыныш жүретіндерден қауіп көбірек деп санайды. Жат жерге барып жиһадқа қатыспақ болғандардың ниеті көп нәрседен байқалады. Кішкене балаларға паспорт тапсырыс береді. Үйлерін, мүлкін сатулары мүмкін. Не болмаса мүлкін басқа бір адамға сенімхатпен қалдырады. Нотариусқа барған кезде күдікке ілінуі мүмкін», - деді теолог.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар