05.10.2019, 15:40

Мемлекет басшысы ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады

Аталмыш жазбаны Мемлекет басшысы өзінің Twitter-парақшасында жариялады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Аталмыш жазбаны Мемлекет басшысы өзінің Twitter-парақшасында жариялады.

«Барлық мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Мұғалімдер балаларымызға білім беретін, оларды патриоттық рухта тәрбиелейтін керемет жандар. Біз еліміздің лайықты азаматтары ұстаздарды әрқашан қолдаймыз», - делінген хабарламада.