$ 444.22  476.38  4.82

Әлем чемпионатында 2 боксшымыз жеңіске жетті

Бүгін Римма Волосенко мен Фариза Шолтай қазақстандық жанкүйерлер сенімін ақтады.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Ресейдің Улан-Удэ қаласында өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында бүгін қазақстандық қос боксшы жарыстың келесі сатысына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бүгін Римма Волосенко мен Фариза Шолтай қазақстандық жанкүйерлер сенімін ақтады. Қос боксшымыз да аршы алаң төрінде өз шеберлігін көрсете білді. 

Римма Волосенко 60 келі салмақта Ұлыбританиядан келген Пэйдж Мюрнеймен қолғап түйістірді. Шаршы алаңда қазақстандық боксшы өз шеберлігін көрсете білді. Нәтижесінде төрешілер жеңімпаз ретінде Римма Волоесенконың қолын жоғары көтерді. Осылайша Римма 1/8 финалдық сатысына жолдама алды. 

Сондай-ақ, бүгін қазақстандық Фариза Шолтай 81 келіде шаршы алаңға шықты. Ол австралиялық Джэссику Пэйджден айласын асырып кетті. Осының арқасында жарыстың келесі сатысына жолдама алды. 

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Айжан Қожабекова (57 келі) микронезиялық Дженифер Чэнгтен, Ақерке Бақытжан (75 келі) қытайлық Тайпей елінен келген Лин Лиден, Дариға Шәкімова (69 келі)чехиялық Мартина Шморзановадан басым түсті . 

Айта кетейік, 3 қазанда Назым Қызайбай (51 келі) жапон спортшысы Намики Тсукимиден, Алуа Балқыбекова (48 келі) өзбекстандық Гүласал Султоналиевадан жеңіліп қалған еді. 

Әлем чемпионатына дүниежүзінің 75 мемлекетінен спортшылар келді. Он бірінші мәрте өткізіліп отырған дүбірлі додада 809 былғары қолғап шебері он салмақта сынға түседі .

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары