Жаңалықтар 06.10.2019 сағат 20:47

Африкада 200-ден астам дельфин жағалауда қырылып жатыр

Ғалымдар дельфиндер мен киттер арасындағы суицид оқиғалары туралы әртүрлі пікірде.
Африкада 200-ден астам дельфин жағалауда қырылып жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Екі жүзден астам дельфин Кабо-Вердедегі (Батыс Африка) Боа-Вишта аралының жағалауына шығып кетті. Жергілікті тұрғындар мен туристер жануарларды суға кіргізіп, қайта мұхитқа сүйреп апарып құтқаруға тырысса да, көптеген дельфин қайтадан өз-өзін жағалауға лақтырды. Бұл туралы National Geographic басылымы The Republic-ке сілтеме жасап хабарлады.

Жалпы 136 түр өлді. Арал билігі дельфиндердің бұл әрекетінің себебін анықтау мақсатында Испаниядан келетін мамандарды күтіп отыр. 

Ғалымдар дельфиндер мен киттер арасындағы суицид оқиғалары туралы әртүрлі пікірде.  Бір нұсқаға сәйкес, ауру жануарлар өздерін жағаға лақтырып тастайды, ал қалғандары көмектесуге тырысып, олардың соңынан ереді. 

Тағы бір нұсқа – дельфиндердің қоршаған ортаға деген акустикалық бақылауын жоғалтуы.  Сонымен қатар, биологтар дельфиндердің басқа отарына шабуыл жасамауға тырысып, жануарлар жағаға шығады деп болжайды.

Дереккөз: BAQ.KZ

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар