$ 494.87  520.65  4.91

«Атырау» және «Қайсар» матчы кезінде фанаттар жанжал шығарды

Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарды мәдени және спорт шаралары кезінде қоғамдық тәртіпті бұзбауға, арандатуға берілмеуге шақырады.

Кеше «Астана Арена» стадионында өткен «Атырау» және «Қайсар» командалары арасындағы Қазақстан кубогының матчы ортасынан үзіліп қала жаздады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«6 қазан күні футболдан «Астана Арена» стадионында өткен «Атырау» - «Қайсар» матчын кейбір қызуқанды фанаттар тоқтатып тастамақ болды. Полиция қызметкерлерінің араласуымен даулы оқиға тоқтатылды», - деп жазылған хабарламада. 

Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарды мәдени және спорт шаралары кезінде қоғамдық тәртіпті бұзбауға, арандатуға берілмеуге шақырады. Полицейлер құқық бұзғандар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары