$ 448.15  483.46  4.86

Елімізде кедейлік шегіндегі 2 млн қазақстандыққа АӘК төленіп жатыр

АӘК аз қамтылған азаматтарға және табыс мөлшері төмен отбасыларға беріледі.


Екі миллион қазақстандық кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. Бұл атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырғандар санына байланысты шыққан ресми ақпарат, - деп хабарлайды "Хабар 24". 

АӘК аз қамтылған азаматтарға және табыс мөлшері төмен отбасыларға беріледі. Бүгінде екі миллион адамға немесе 405 мың отбасыға АӘК төленіп жатыр. Осы мақсатта мемлекет бюджетінен 204,5 миллиард теңге бөлінген. Оның 70 пайызы төленіп қойды.  

Өңірлерге бөліп қарастыратын болсақ, АӘК-ті еліміздің оңтүстік аймақтары көбірек алады екен - 65 пайыздан асады, бұл Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстары мен Шымкент қаласы. Алматы қаласы мен Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында АӘК алушылар саны айтарлықтай аз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кедейлік