$ 447.4  477.55  4.76

Головкиннің жекпе-жегін ұнатпағандар наразылық білдірді (ВИДЕО)

Геннадий жекпе-жектен кейін бірден сұхбат бергенде наразы жанкүйерлер жер текпілеп, ысқыра бастады.

Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасындағы көрермендерге қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегі ұнамады, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған Zakon.kz.

Головкин украиндық Сергей Деревянченконы ұтып, осылайша орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бірақ, жанкүйерлер мұнымен келіспеді. Геннадий жекпе-жектен кейін бірден сұхбат бергенде наразы жанкүйерлер жер текпілеп, ысқыра бастады.

Мұндайға Головкин кәсіби мансабында алғаш рет тап болды. Әдетте жұртшылық GGG туралы әрдайым жағымды пікірде болатын. Ал, Деревянченко сөз алғанда, спортсүйер қауым оны қошеметпен, көтермелеп жағымды эмоция білдірді.

Видеоны төменнен көруге болады.

Головкин жекпе-жектен кейін кез келген боксшымен кездесуге дайын екенін мәлімдеген, әсіресе ол мексикалық Сауль Альвареспен үшінші рет жұдырық түйістіруді армандайды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары