$ 494.87  520.65  4.91

Алматы өңірінде үш вагон рельстен шығып кетті

«Тарту» режимінде тежеуіш сызығында қысым төмендегендіктен машинист 23, 24, 25 вагондарының түсіп бара жатқанын байқаған

Алматы облысында үш вагон рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.  

Оқиға Алматы облысында орналасқан Қопа станциясындағы Алматы - Отар аймағында болған. 

 «6 қазанда сағат 21:07-де Қопа станциясында №3471 жүк пойызы «тарту» режимінде тежеуіш сызығында қысым төмендегендіктен машинист 23, 24, 25 вагондарының түсіп бара жатқанын байқаған. Қалыпқа келтіру пойызы Алматы станциясынан сағат 21:47-де жүріп кетті», - делінген хабарламада. 

 Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #вагон