$ 494.87  520.65  4.91

Оралда қоқысқа тасталған шақалақтың анасы құрықталды

Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Оралда қоқыс контейнерінің жанынан өлі табылған нәрестенің анасы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 6 қазан күні таңертең Құрманғазы көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында қоқыс контейнерінің жанынан қара түсті сөмке табылған. Оның ішіндегі целлофан пакетте жаңа туған шақалақтың өлі денесі болған. 

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жүргізді. 

Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 

Нәтижесінде Абай полиция бөлімінің қызметкерлері Орал қаласының 1988 жылғы тұрғынын анықтап, ұстады. Оқиға орнынан сөмке, жамылғы, 2 пакет, 2 есік кілті, домофон кілті табылды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 100-бабына сәйкес (жаңа туған баланы анасының өлтіруі) тергеу амалдары жүргізілуде. 

Анықталғандай, әйелдің бұдан басқа төрт баласы бар. Шақалақтың қалай өлгені сараптама қорытындысына сәйкес анықталатын болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары