Жаңалықтар 07.10.2019 сағат 15:55

Көпбалалы отбасыларға табысқа қарамай мемлекеттік жәрдемақы төленеді

Ал атаулы әлеуметтік көмек отбасыға бөлек есептелетін болады.
Көпбалалы отбасыларға табысқа қарамай мемлекеттік жәрдемақы төленеді
Фото: 7kun.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдан бастап берілетін атаулы әлеуметтік көмекке енетін жаңа өзгерістер туралы айтты.

Оған сәйкес, көпбалалы отбасылардың құрамындағы балаларға табысқа қарамастан мемлекеттік жәрдемақы кепілді түрде төленеді.

Яғни, көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы отбасындағы балалар санына қарай беріледі – 42 500 теңгеден 73 370 теңгеге дейін:

- 42 500 теңге – 4 баласы бар отбасыға,
- 53 125 теңге – 5 баласы бар отбасыға,
- 63 750 теңге – 6 баласы бар отбасыға,
- 73 370 теңге – 7 баласы бар отбасыға.

Ал атаулы әлеуметтік көмек отбасыға бөлек есептелетін болады. АӘК қайтадан тоқсанына бір рет, яғни келесі 3 айға беріле бастайды. Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар